Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыда 1 млн доллар пара беруге итермелеген күдікті сотқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша күдікті К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Күдіктіге Қарағанды облысындағы кен орнын иемдену үшін жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазым иелеріне берілетін 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты жымқыруға әрекет жасады деген айып тағылды. Айыпталушы К. Алтаев сотқа тапсырылды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген Антикордың хабарламасында.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?