19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚМА мәлімдеді.
Шара барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.
Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті. Бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары