Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандылық полицейлер қала тұрғынынан 39 орам синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қарағанды қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің жасағы Бұқар-Жырау даңғылының бойында қызмет атқару барысында, аталған аумақтағы көп қабатты үйлердің бірінің маңынан күдік тудырған азаматты байқаған. Кейін, полиция қызметкерлері 32 жастағы күдік тудырған азаматты ұстаған. Оны тексеру барысында тәртіп сақшылары азаматтан 39 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Күдікті бұл заттарды тауып алдым деп полицияны сендірмекші болған.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген ұнтақ заттар 7,28 грамм психотропты синтетикалық есірткі зат екені анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөліміне (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді