Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты.
Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған.
Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.
Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттіліксіз шықпауға шақырады. Жол жағдайы туралы өзекті ақпарат алу үшін 112 қызметінің хабарламаларын қадағалауға кеңес беріледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары