Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағанды облысындағы көмір шахтасындағы өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған 8 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, шахтерлердің жағдайы ауыр.
Мақажанов атындағы клиникаға 8 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі, алайда, жағдайлары ауыр десе болады. 6 адам токсикология бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Айта кетейік, бүгін, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспадан өрт шықты.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді