Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының полицейлері жаңа қызметтік көлік кілтін алды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің автопаркі облыстық бюджет есебінен сатып алынған 200 арнайы көлікпен толықты. Олардың басым бөлігі патрульдік полицияға беріледі. Трассада қызмет ететін тәртіп сақшылары да жол талғамайтын көліктер алды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техникаларды өзі табыстады.
Сіздердің қызметтеріңіз жедел және жайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Сондықтан құқық қорғау органдарының тиімді жұмысында материалдық-техникалық базаны нығайту ерекше маңызды. Биыл құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне облыстық бюджеттен 22,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде бір миллиардтан астамы материалдық-техникалық жабдықты жақсартуға бағытталады, – деді облыс әкімі. Өңір басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарын қолдау жолғасатынын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?