Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚарағанды облысы 2027 жылға қарай өзін 80%-ға жергілікті өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бүгінде ауыл шаруашылығында 24 мың адам жұмыс істейді. Саланы қолдаудың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 3,4 млрд теңге сомасына 653 шағын несие береміз. Көпбалалы отбасыларға, АӘК алушыларға және NEET жастарына ерекше назар аударатын боламыз. Қазірдің өзінде 353 өтінім қабылданды, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Оның айтуынша, саланы дамыту есебінен ауылдарда 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Нарықты жергілікті азық-түлікпен қанықтыру жалғасады. Бүгінде өңірде мал шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд теңгеге жетті.
Фермерлік шаруашылықтарда 390 мың жылқы, сиыр және бұқа 620 мың, 1 млн қой мен ешкі бар. Құс фермаларында 3,7 млн бас құс бар. Өсімдік шаруашылығының көлемі де үнемі ұлғайып келеді. Биыл аграршылар 1,2 млн га жерге дән екті, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 22 мың га артық. Облыста картоп пен көкөніс отырғызылған алқаптар ұлғайтылды, - деді ол.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды