Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадан өрт шығып, жұмыс істеп жүрген 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бөлек әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға 18 адам жеткізілген. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Оқыстан болған апат уақытында аталған шахтада 252 адам болған. Олардың ішінде 205 кенші жер бетіне шығарылған.
Шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты адамдар мен әріптестерім кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог жұмыс істеуде. Сенім телефондары жұмыс істейді: (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23. Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді