23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың балаларына қандай көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.
Облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды. Мобильді топ жұмысының шеңберінде балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі, деп жазылған комитет таратқан ақпаратта.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады