19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қарағанды облысында 1374 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 640 км республикалық маңызы бар автожолдар, 317 км облыстық маңызы бар автожолдар және 417 км жергілікті желілер, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Биыл Қарағанды – Балқаш республикалық автожолының төрт жолағы бойынша жол ашылады, Қарағанды – Қарқаралы жолының бес учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жақын арада Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңартуға кіріседі. Жұмыстар Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 км автожолда басталады. Жоба үш жылға есептелген.
3 мыңға жуық жол-құрылыс техникасын іске қосу, 570 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға дейін жеткізілетін болады. «Орталық-Оңтүстік» ауқымды жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деді ол.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары