Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыда жеке меншік балабақшаның бірінде екі жасар баланың аяғын күйік шалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде балабақшада термиялық күйік алған бала туралы ақпарат таралған.
"Қызметкерлердің сөзінше, 2 жасар ұлымыз баратын "Kiddy land" жеке балабақшасында келесі жағдай болған. Олар ұлымызды жуындырмақ болып, оны қараусыз қалдырып кеткен. Салдарынан бала 2-3 дәрежелі термиялық күйік алып, денесінің 4%-ы зақым алды. Ұлым әлі де оңалту сатысында. Біз барлық кінәлілер жазалану үшін әділеттілікке қол жеткізгіміз келеді. Сондай-ақ барлық ата-анаға үндеу тастағымыз келеді. Бейтаныс адамдарға балаңызды сеніп тапсырмас бұрын барынша мұқият болыңыздар", - деп жазды қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желілерде.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті аталған жайт бойынша түсініктеме берді.
"Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйік алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 306-бабы 1-бөлігі (жұмыстарды орындау не тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасы бұл балабақшаның ведомство балансында еместігін хабарлады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?