12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘлеуметтік желілерде қара түсті хиджаб киіп, қолына Қазақстан туын ұстаған қыздардың фотосы тарады. Онда ел туына араб тілінде белгісіз сөздер жазылған. Аталған жайтқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, фото Атырау облысындағы мұз сарайында түсірілген.
Атырау облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды,-делінген полиция мәліметінде.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер