Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек«Бәйтерек продакшн ШБ» ЖШС танымал отандық режиссер Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» жаңа жобасы «Қара қыз» фильмінің тизерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық кино орталығының мәліметінше, әскери драма екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарымыздың ерлігі мен батылдығы және қазақ қыздарының қайсарлығы туралы баяндайды.
Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдап шыққан. Нұрай үшін бұл кинодағы дебюттік рөл болса, ал Ерлан – көптеген телехикаялардан белгілі актер.
Сондай-ақ фильмде танымал актерлер Дулыға Ақмолда, Медгат Умиралиев және басқалар түскен. Картинаның түсірілімі өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Петропавл қаласының маңында, сондай-ақ Алматы облысының Ақши ауылында өтті.
Фильмнің саундтрегі «Қарағым-ай» композициясы болады. Оны фильм үшін арнайы Димаш Құдайберген орындайды.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді. Фильмнің бюджеті 547 миллион 636 мың теңгені құрайды. Картинаның премьерасы осы жылдың күзіне жоспарланған.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес