Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазгидромет орталығы 3-5 қарашаға арналған ауа райы мәліметін жариялады.
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.
3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, – деп жазды орталық.
Мамандардың айтуынша, ауа райы құбылмалы болғанымен, температура айтарлықтай өзгермейді.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, – делінген Қазгидромет орталығының мәліметінде.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс