29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыГаза секторында 76 ҚР азаматы қалған. Ал олардың отбасы мүшелерін қоса есептегенде 161 адам бар. Аталған азаматтарды қақтығыс аймағынан шығару мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Иордания мен Мысырдағы елшіліктері Газа секторындағы ахуалдың асқынуының алғашқы күнінен бастап отандастарымызды Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы шығару, шет мемлекеттердің шекараларынан өткізу бойынша мәселелерді пысықтауда. Қақтығыс аймағындағы ҚР азаматтары және олардың жақын туыстарының тізімін қалыптастыру және үнемі жаңартып отыруға ерекше назар аударылады. Қазақстанның Каирдегі елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігімен және басқа да құзыретті органдармен азаматтарымызды эвакациялау бойынша келісімдер жүргізіп келеді, - дейді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Израильден елімізге 166 адам оралған еді. Оның ішінде 124-і Қазақстан азаматы және 42-сі шетелдік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек