Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа зерттеу нәтижелері жасанды төмен калориялы қант алмастырғыштар миға күтпеген қауіп төндіретінін көрсетті. Бұл туралы Neurology ғылыми журналында жарияланды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Зерттеу барысы
Бразилиядағы 12 700-ден астам ересек адамның тамақтану рационы сегіз жыл бойы бақыланған. Ғалымдар ең көп тәттілендіргіш тұтынған адамдардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дағдылары әлдеқайда жылдам нашарлайтынын анықтады. Бұл құбылыс әсіресе қант диабеті барлар мен 60 жасқа дейінгі адамдарда айқын байқалған.
Қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
Зерттеуде жиі қолданылатын жеті тәттілендіргіш қарастырылды: аспартам, сахарин, ацесульфам-К, эритрит, ксилит, сорбит және тагатоза. Барлығы дерлік (тагатозадан басқа) когнитивтік қабілеттердің әлсіреуімен байланысты болып шықты, әсіресе есте сақтау мен сөйлеу жатықтығына кері әсер еткен.
Мәселен, күніне шамамен 191 мг аспартам (бір банка диеталық газдалған сусынға тең) тұтынған адамдардың ойлау қабілеті тәттілендіргішті аз пайдаланғандарға қарағанда 62% жылдам төмендеген. Бұл шамамен 1,6 жыл қосымша қартаюға пара-пар.
Ғалымдардың пікірі
Төменкалориялы тәттілендіргіштер әдетте қантқа пайдалы балама ретінде қарастырылады. Бірақ біздің нәтижелер олардың кейбірі уақыт өте келе ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетті, – дейді Сан-Паулу университетінің профессоры Клаудия Кими Суэмото.
Бұған дейінгі зерттеулер жасанды тәттілендіргіштердің диабет, қатерлі ісік, жүрек-қан тамыр аурулары және депрессиямен байланысын көрсеткен еді. Алайда олардың когнитивтік қабілетке ықпалы бұған дейін зерттелмеген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?