20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду автокөлікке деген әуестігі жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Коллекциямды толықтыру үшін үш күн бұрын тағы бір көлік сатып алдым. Бұл – картинкаға жақтау алғанмен бірдей. Мен оны жүргізбейін деп жатқан жоқпын. Бұл – инвестиция. «Бугатти Турбийон» сатып алдым. Иә, «Мерседес» те бар, бірақ бұл басқа, – деді ол британиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.
Роналду өзінің нақты қанша көлігі бар екенін білмейтінін де мойындады:
Шынымды айтсам, санамаймын. Иә, қарапайым көрінгім келмейді, бірақ бұл – шындық. Шамамен 40 немесе 41 шығар. Балаларымның атымен ант етемін, нақты санын білмеймін. Ал ең сүйікті маркам – «Бугатти». Бірнешеуі бар, әрқайсысы өзінше «жыртқыш», – деді ол күліп.
Футболшының айтуынша, оның ең қымбат сатып алған дүниесі – жеке ұшағы.
13 жыл бұрын өзіме ұшақ сатып алғанмын, ал жақында оны жаңасына ауыстырдым. Бұрынғыдан да жайлы, заманауи. Ұшақ алған сәт ерекше есте қалды – армандар орындалатынына көзім жетті. жеке ұшағымның болғанын бұрыннан армандайтынмын. Ал қазір бұл жай ғана жайлылық мәселесі, себебі мен танымал адаммын, қатардағы рейстермен ұшу оңай емес. Ал өз ұшағыңмен емін-еркін қозғала аласың, – деді Роналду.
Сондай-ақ ол Bloomberg агенттігінің жуырда жариялаған «Роналду – жаңа миллиардер» деген дерегімен келіспейтінін айтты:
Бұл жалған. Менің миллиардер атанғаныма бірнеше жыл болды. Бұл мен үшін «Алтын допты» ұтып алғанмен бірдей сезім еді. Өмірлік мақсатымның бірі миллиард табу болатын. Сол мақсатқа жеттім. Тарихтағы алғашқы және жалғыз футболшы-миллиардермін, – деді португалиялық жұлдыз.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?