Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘнші Ғазизхан Шекербек Алматыға алғаш аяқ басқан сәтін еске алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол өнердегі бастапқы қадамы жайлы айтып, ертеректе түскен суретін жариялаған.
"Мына сурет біршама ойға шомдырды… 2012 жылы Алматыға енді келген кезім есіме түсті. Осы уақыт ішінде қаншама жақсы адаммен таныстым. Қанша адамнан таяқ жедім, алдандым… Бірақ бәрі үлкен сабақ болды. Бұрын мені алдаған адамдарға ренжуші едім, ал қазір соларға да рахмет айтамын.Алданған өзімнің кінәм.) Кешегі қателікті бүгін жасамауға болады екен. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, әдетпен де күресіп, өзгеруді үйреніп жүрмін. Осы жылғы гастрольдік тур мені көп нәрсеге көзімді ашты. Тыңдарманым көбейген сайын, жауапкершілік те артып келеді. Қазір сахнадан тыс болсын бұрынғыдай еркелеп, тентектік жасаудан аулақпын. Жетер! Өзіме сай келмейтін қылықтармен қаншама рет өзімді ренжіттім, қаншама адамның көңілін қалдырдым... Сөйтсем, маған жетіспегені халық беретін шын қошеметтің ләззәты екен, сол жетіспеген соң былықтырып барлық жерден іздеппін ғой... Таптым! Енді бар өнерімді тек сахнада көрсетем деп шештім. Құдай сүріндірмесін!", - деп жазды Ғ.Шекербек.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді