Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазір біздің өміріміздің барлығы дерлік смартфонда: хат-хабарламалар, ақша, құжаттар, құпиясөздер мен фотосуреттер. Заңгер Алла Георгиева 1prime.ru сайтына берген сұхбатында смартфонда қандай ақпаратты сақтауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның сөзіне қарағанда, алаяқтар маңызды деректеріңізге телефоныңызды ұрлап алмай-ақ қол жеткізе алады. Мұндай жағдай мессенджер арқылы таратылатын зиянды сілтемеге өткен кезде болуы мүмкін.
Телефонда әртүрлі ресурстарға: электрондық поштаға, әлеуметтік желілерге, онлайн-банкке, мемлекеттік сайттардағы жеке кабинетке қатысты логиндер мен құпиясөздерді сақтауға болмайды. Бұл жазбаларға ғана емес, хабарламаларға да қатысты. Егер телефон бұзылса, алаяқтар сіздің әлеуметтік желілеріңізге кіріп, достарыңыздан ақша сұрауы мүмкін немесе банк жүйесі арқылы несие рәсімдеуі ықтимал, – дейді Георгиева.
Сондай-ақ құжаттар мен банк карталарының фотосуреттерін галереяда, хат алмасуда, электрондық поштада немесе бұлтты сақтау жүйесінде сақтау қауіпті.
Өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін суреттерді де сақтамаңыз, осы арқылы сіз бопсалаудың алдын аласыз.
Маманның айтуынша, телефонды бұзып, бөгде деректерді пайдаланған адамдарды табу өте қиын, тіпті мүмкін емес.
Сондықтан қауіпсіздігін ойлаған адам жеке деректердің сыртқа шығып кетпеуін алдын ала қамтамасыз етуі тиіс, – деп ескертеді заңгер.
Егер сіз құжаттардың фотосын немесе басқа да құпия ақпаратты жіберген болсаңыз, оларды дереу өшірген дұрыс. Ал ең дұрысы - смартфонды үнемі тазартып отыру. Логиндер мен құпиясөздерді де телефоннан бөлек сақтау ұсынылады.
Бұған дейін заңгер интернеттегі алаяқтардан қалай қорғануға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар алаяқтардың құрбаны болатын адамдар жайлы да жазғанбыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?