Кеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесҒалымдар интернетте саясат туралы көп пікірталасатын адамдардың қандай ерекшеліктерге ие екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижесі бойынша психопатия мен нарциссизм, сонымен қатар «бір нәрсені жіберіп алудан қорқу» сезімі және интеллектуалды қабілет деңгейі адамдардың саясат тақырыбындағы онлайн-талқылауларға қаншалықты белсенді қатысатынына әсер етеді.
Ғалымдар сегіз елден 8 мыңнан астам адамның мінез-құлқын талдап, олардың интернеттегі саяси белсенділігіндегі заңдылықтарды анықтаған. Нәтижесінде психопатия мен жоғары онлайн-активтілік арасында айқын байланыс бары белгілі болды. Сондай-ақ «қалдық қалдырмау» (FOMO) сезімі де маңызды фактор екені байқалды. Ал интеллектуалдық қабілет деңгейі мен саяси талқылауларға қатысу арасында кері тәуелділік табылды: ақыл-ой деңгейі жоғары адамдар саясат жайлы пікірталастарға сирек араласатыны белгілі болды.
Нарциссизмнің әсері тек үш мемлекетте – АҚШ, Филиппин және Таиландта байқалған.
Зерттеушілердің қорытындысы бойынша, интернеттегі саяси белсенділік көбіне адамның психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, ал азаматтық ұстаным басты рөл ойнамайды.
Кеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді