Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барып, зардап шеккен азаматтардың жағдайын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, апат орнында 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттық медицина орталығының 6 бригадасы жұмылдырылды.
Облыстық көпсалалы ауруханада хирургиялық және травматологиялық бөлімде 30 орын және 10 реанимациялық орын дайындалды.
Зардап шеккендердің жалпы саны — 29 адам. Олардың ішінде 11 адамның жағдайы тұрақты, бірақ, хәлі ауыр.
Қазір облыстық ауруханаға 27 адам жеткізілді. Ауруханаға түскен 27 пациенттің 13-і әзербайжан елінің азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 қырғыз азаматы және 3 азаматтың жеке басы анықталып жатыр.
Қазір өңірдегі балалар ауруханасында екі бала медициналық көмек алып жатыр. Барлық пациент диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық ем алады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді