Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы1-3 ақпан аралығында Ақмола облысында қалың қар жауады деп күтілуде, бұл жол жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады: қалың қар жауған кезде қозғалыстың шекті жылдамдығы 140 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін төмендейді.
Аймақ трассаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 300-ден астам қызметкері және жол-техникалық инспекцияның 21 қызметкері жұмылдырылды. Олар жолдардағы жағдайды бақылайды, жол қызметтерін үйлестіреді және жолдардың уақытылы тазалануын қадағалайды.
Қар жауған кезде жолдарда көріну нашарлайды, ал жабынды ұстау сенімділігі төмендейді. Біз жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан аулақ болуға шақырамыз, – деп атап өтті Ақмола облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Аслан Қызбикенов.
Жүргізушілерге қазіргі жол жағдайы мен ықтимал қозғалыс шектеулері туралы хабардар болу үшін құтқару қызметтері мен полицияның жедел хабарламаларын бақылау ұсынылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді