Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желіде актер Айдар Асқарбектің әнші, актриса Анар Батырханға сезімін білдірген видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл видео Instagram желісіндегі zhulduz_qaz парақшасында пайда болды. Видеода Аша Матайдың інісі стрим кезінде Анар Батырханға сезімін білдірген. Ол өнердегі әріптесіне ғашық болып қалғанын айтты. Ал Анар үшін бұл күтпеген жаңалық болған тәрізді.
Мен саған ғашық болып қалдым. Бұл сөздердің басқа мағынасы бар ма? - деді Айдар Асқарбек.
Анар Батырхан мұндайды көпшіліктің алдында емес, жеке айту керек екенін алға тартты:
Бұл қалай болғаны? Біз дос едік қой... Осының барлығын мыңдаған адамның көзінше айту керек пе? Өзіме жеке айтсаң да болар еді, - деді актриса.
Бірақ кейіннен мұның бәрі қалжың ретінде жасалғанын алға тартты.
Анар Батырхан халық арасында тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді. Актриса оның барлығы тікелей эфирде ойын кезінде бәстесіп, қалжың ретінде жасалған дүние екенін түсіндірді.
Айта кетейік, актриса тұрмысқа шыққысы келетінін, бірақ ер адамның белгілі бір талаптарға жауап беруі керектігін айтқан. Өнер иесі болашақ күйеуінің өзінен көп табуы, яғни кемінде 5-6 млн теңге табысы болуы керектігін тілге тиек еткен.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады