Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына ұлттық мәртебе берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отыз жылдан аса тарихы бар театр 1991 жылы ашылған болатын. Театр шымылдығы Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклімен ашылды. 1993 жылы Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдығы құрметіне орай театрға актер есімі берілді. 2011 жылы 14 желтоқсанда өнер ордасына «академиялық театр» мәртебесі берілді.
Театр ұжымы өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды.
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған күннен бастап театр «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» деп аталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?