20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорда түлектеріне мамандық таңдауда көмектесетін «Qabilet» қызметі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін ең өзекті мәселе – болашақ мамандықты анықтау және таңдауда қалай қателеспеу керек. Өйткені қазіргі еңбек нарығында кәсіптің сан алуан түрі бар. Бұл мәселеде түлектерге көмекке келетін «Qabilet» қызметі жұмыс істеп тұр.
Түлектерге мамандық таңдауға және болашақ талапкердің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін оқу орнын таңдауға көмектесу үшін 2020 жылдың желтоқсанында орталықта «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметі ашылды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – 7-11 сынып оқушылары үшін жеке тұлғаның зияткерлік қабілеттері мен кәсіби өзін-өзі анықтауын, оқушының психологиясын, дағдысын, білімін, дарындылығын, икемін ескере отырып, кез келген мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталған, - деп атап өтті «Астана дарыны» орталығы директорының міндетін атқарушы Жанар Бейсенбаева.
«Qаbilet» қызметі балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, кәсіби кеңес берді алға қойған.
Сондай-ақ 3 бағыт бойынша кәсіби маңызды құзыреттерді меңгеру мақсатында диагностика жүргізеді. Ақыл-ой қабілеттерінің диагностикасы – 7-11 сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға арналған тесттер кешені; мамандық таңдау – кәсіптік бағдар беруді кешенді диагностикалау мақсатында 9-11 сынып оқушыларына, бітірушілер мен талапкерлерге арналған сынақтар кешені; кәсіптік бағдар беру – қызығушылықтар мен бейімділіктерді, қабілеттерді бағалауды, мамандықты дұрыс таңдауды ескеретін кәсіптік бағдар беруге арналған сынақтар кешені, - деді Жанар Бейсенбаева.
2022 жылы «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» қызметі онлайн-платформасында 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтаудың «4K» (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, қарым-қатынас) диагностикасын ұйымдастырып, жүргізді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?