Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда америкалық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытты.
Екінші сетте Ю.Путинцева 4:0 есебімен алға кеткенімен, сол үстемдігін сақтап қала алмады. Тай-брейкте К.Лью жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
К.Лью жартылай финалға шығу үшін әлемнің 83-ракеткасы, словакиялық Анна-Каролина Шмидловамен таласады. Ол рейтингте 99-сатыдағы германиялық Тамара Корпачты тізе бүктірді – 4:6, 6:2, 6:3.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды