Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстан президентінің «Көксарой» резиденциясында Шавкат Мирзиеев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Брифингте Шавкат Мирзиеев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының президенті болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірі Өзбекстаннан басталғаны өзбек халқына деген ерекше құрметі және екі ел арасындағы жоғары серіктестік пен өзбек-орыс қарым-қатынасын тереңдетудің көрінісі деп бағалады.
Ресей президентінің мемлекеттің іссапары - біздің көпжоспарлы серіктестігіміздің жаңа бағытын анықтайтын тарихи оқиға, – деді Шавкат Мирзиёев.
Өзбекстан президенті бұл саммитке дайындық жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті. Екі елдің парламентарий кездесулері, саяси кеңесулері мен үкімет өкілдерінің кездесулері жемісті өткенін де тілге тиек етті.
Кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылды, соның ішінде Өзбекстанда аз қуатты атом электростанциясының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы келіскенін атап өткен жөн.
Барлық көшбасшы елдер өздерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын атом энергиясы есебінен қамтамасыз етеді. Қомақты уран қорына иелік етіп және оны үшінші елдерге экспорттайтындықтан, Өзбекстанның дамуының жаңа кезеңі туралы ойласақ, онда бұл жоба біз үшін өте маңызды, – деді Шавкат Мирзиёев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді