Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПутин күзде Қазақстанға келеді. Нақты қай күні келетіні әзірге белгісіз. Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров Путиннің ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форум Қостанайда өтеді.
Бұл - жылда өтетін дәстүрлі форум. Бір жыл Қазақстанда, бір жыл Ресейде ауысып болып отырады. Екі ел президенттері мен шекарада орналасқан облыс басшылары бас қосады. Форумның арқасында шекара маңындағы аймақтар келісімге келіп, қол қояды. Шекаралас болғаннан кейін сауда-саттық, адамдар арасындағы қарым-қатынас болуы керек, - деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ Смадияров «форумды ұйымдастыруға миллиардтаған ақша бөлініп жатыр» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қанша ақша бөлінетінін білмедім. Ұйымдастырушы – басқа министрлік. Үлкен дайындықты талап етеді. Оңай емес қой. Екі жақтан бірнеше облыс басшылары қатысады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге күні белгіленген жоқ, - деді ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді