Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСолтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин Қытайда келесі аптада өтетін ауқымды әскери парадқа қатысатын шетелдік жиырмадан астам көшбасшының қатарында болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CNN деректеріне сүйенсек, бұл туралы 28 тамызда Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген.
Парад 3 қыркүйекте Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өтеді және ол Жапонияның ресми түрде тізе бүгуімен аяқталған Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған іс-шаралардың бір бөлігі.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі KCNA Кимнің шеруге қатысатынын растады. Бұл сапар оның 2019 жылдан бергі Қытайға алғашқы сапары болуы мүмкін. 2011 жылы билікке келгеннен бері Ким барлығы 10 ғана шетелдік сапар жасаған. Ол соңғы рет 2023 жылы Ресейдің Қиыр Шығысындағы қашықтағы ғарыш айлағында Путинмен кездесуге барған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді