Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФранцуздың ПСЖ мен Мадридтің «Реал» клубтары келесі маусымда париждіктердің 24 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sport.fr мәліметінше, ПСЖ Мбаппе үшін ақшалай өтемақы мен бонус ала алады. Ал француздің өзі жылына 35 млн еуроа алады, сол арқылы ол «Реал Мадрид» ойыншылары арасында ең көп жалақы алатын футболшы атанбақ. Сондай-ақ Мадрид клубы Мбаппеге өзінің бейнесін алаңнан тыс пайдалануға да рұқсат береді, бұрын-соңды «корольдік» клуб мұндай қадамға барғаан емес.
Естеріңізге сала кетейік, француз шабуылшысының ПСЖ-мен қолданыстағы келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Осы маусымда Мбаппе 1 лига аясында ПСЖ сапында 14 матч өткізіп, 15 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді