Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПромоутер Боб Арум қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына Карлос Адамеспен немесе жеңілмеген британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жек ұйымдастырып бермек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол үшін алдымен Жәнібек 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңазеландиядық боксшы Андрей Михайловичті жеңіп, IBF нұсқасы бойынша атағын қорғауы керек.
«Жәнібек бізге Қазақстаннан келді. Біз онымен карьерасы басталғалы жұмыс істеп келеміз. Жәнібек әр жекпе-жек сайын шыңдалып, бүгінде орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңуге дайын. Шыны керек, қазір орта салмақта таланттар көп емес, әлсіз дивизион деп айтуға болады. Марвин Хаглер секілді ұлы боксшылардың заманы емес.
Михайловичпен кездесуден соң Жәнібектің Адамеспен кездескенін қалаймын. Адамес - қиын қарсылас, жақсы жауынгер.
Одан қалды промоутер Фрэнк Уорреннің орта салмақта мықты боксшысы пайда болғанын бәрі жазып жатыр. Жәнібекке Британияға барып Ширазбен айқасқан дұрыс болады деп ойлаймын. Егер Фрэнк қаласа, айқас ұйымдастыру оп-оңай!» - деді Арум.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?