Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚуандық Бишімбаев ісінде прокурор Айжан Аймағанова сот жарыссөзінде қорғаушы тарап айтқан деректерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы қорғаушылардың сөзін жоққа шығарды.
Қорғаушылар көйлек мен мүсәтір спирті, сынған есікке мән бермеу керек дейді. Сөйте тұра өз сөзіне қарсы шығып, істі қайта тергеп, адамды көз жұма соттауға болмайтынын айтады. Есіктер, мүсәтір спирті мен көйлек қылмыстың бір бөлігі. Мен Салтанатқа ұқсайтын әйел іздеуі, Гүлнар Насырбекованың айғақтарды алып кеткені туралы айтпадым. Қорғаушылар Бишімбаевтың Салтанатты не үшін өлтіргені анықталмады деп отыр.
Құрметті алқабилер, адамды өлтіру үшін себеп керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді. Тағы бір маңызды дерек - Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актіндегі Салтанат өлген уақытына шүйлікті. Ол жерде екі түрлі келтірілген деп отыр. Алайда сот сараптамасын жасаған сарапшы Салтанаттың агонияда жатқанын айтты. Салтанат өлім мен өмірдің арасында жанталасып жатты, - дейді Айжан Аймағанова.
Сондай-ақ ол қорғаушының Абайдың 3-қара сөзінен оқылған мәтіннің толық мағынасы басқа екенін атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді