Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭкс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова өмірінің қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол "Әйел әлемі" бағдарламасына берген сұхбатында дүкенге барудан да қалғанын жеткізді.
Мектептегі ата-аналар мені көріп, "Айжан ханым, сіз қарапайым адам екенсіз" дейді. Мен оларға "иә, мен де қарапайым ата-анамын" деп күліп жауап беремін. Қазір мен дүкенге де бармаймын. Нанға, сүтке бару керек болса, қыздарыма айтамын. Өйткені көрген адамдар суретке түсейік деп өтініш білдіреді. Мен жұлдыз емеспін ғой. Мен жай ғана прокурормын. Сондықтан бұл маған ыңғайсыз жағдай, - дейді ол.
Сонымен қатар ол үйде қарапайым ана екенін, күнде таңертең балаларын мектепке таситынын айтты. Кейде жұмысының қауырттығынан үй шаруасына араласпай кететінін жеткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?