Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысы Байзақ ауданында мектеп асханасынан ас ішкен 48 адам уланып, ауруханаға түскен. Аталған жағдайға байланысты облыстық прокуратура қылмыстық істің тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл факт Байзақ ауданының ББ-да ҚК-нің 304-бабының 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша СДБ-да тіркелген, іс бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.
Облыс әкімдігі арнайы комиссия құрылып, мектеп толығымен оқшауланғанын мәлімдеді. Онда бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ал мектепте тамақтануға жауапты "Токсеитов" ЖК жұмысы толығымен тоқтатылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді