20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБас прокуратураның баспасөз қызметі 10 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Күдебаевқа қатысты тың деректер жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шабуыл белгілері болмаған жағдайда, төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына, Серік Күдебаев жеке құрамға ғимараттан кетуге және үйлеріне тарауға заңсыз бұйрық беріп, қызметкерлердің райын қайтарған.
Жергілікті жердің коменданты ретінде жедел штабтың тиісті жұмысын және аймақтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етпеген.
Нәтижесінде Талдықорған қаласында хаос пен биліксіздікке жол берді. Тонаушылар сауда үйлері мен бизнес нысандарын тонады. Банкоматтар мен супермаркеттердің дүңгіршектерін қиратып, облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы ғимараттарына шабуыл жасап, өртеді.
Қылмыскерлер құқықтық тәртіп күштері болмаған кезде жазасыздық пен рұқсат етілгендікті сезініп, облыс Полиция департаменті мен Талдықорған қаласы Полиция басқармасының ғимараттарын басып алды, олардың 500-ге жуық қаруы мен 28 мыңнан астам оқ-дәрісін ұрлаған, олардың бір бөлігі әлі табылған жоқ.
Мемлекетке, азаматтарға және кәсіпкерлерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 миллиард теңгені құрады.
2022 жылғы 7-16 қаңтар аралығында оның үнсіз келісімімен Полиция департаментінің ғимаратында 23 азаматқа қатысты жаппай азаптау қолданылды.
Сонымен қатар, Серік Күдебаевтың көз алдында оның қарамағындағылар департамент аумағына жеткізілген адамдарды ұрып-соққандығы бейнекамераларға жазылған.
Психикалық және физикалық зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ бу үтікті қолданумен қатар жүретін тыйым салынған тергеу әдістерінің нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зиян келтірген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?