20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының Хромтау ауданы прокуратурасымен инвесторларды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Прокурорлық сүзгі» жобасын іске асыру бағытында уәкілетті органдармен қаралған 100-ден астам әкімшілік материалдар зерделенді. Зерделеу қорытындысымен Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан инвесторды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегі анықталды.
Мәселен, салық органымен 03.10.2024 жылы «Шахтбау Қазақстан» ЖШС-не (Германиядан келген инвестордың қатысуымен) қатысты салық төлеушінің салық салу объектілерін жасырғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің275-бабының 1-бөлігімен 212 994 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған, - делінген хабарламада.
Салық кодексінің 96-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушіге бұзушылықтарды жою үшін отыз жұмыс күні беріледі.
Алайда, мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің бұзушылықты жою үшін заңнамада белгіленген отыз жұмыс күнін күтпей, әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын салған. Аудан прокуратурасымен қабылданған шаралар нәтижесінде неміс инвесторының құқықтары қалпына келтіріліп, әкімшілік айыппұл салу туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?