17.04.2026
15:32
161
Жаңалықтар

Прокрастинация: тапсырмаларды уақытында істеуге үйрететін 10 қосымша

Прокрастинация – цифрлық дәуірдің ең кең тараған мәселелерінің бірі.

Толассыз хабарламалар, әлеуметтік желілер мен ақпараттың шексіз ағыны адамның назарын оңай бөліп, жұмыс пен оқуға кедергі келтіреді.

Сөйте тұра технология тек алаңдатушы құрал емес – оны тиімді пайдаланса, керісінше, уақытты басқаруға және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Осы орайда уақытты тиімді жоспарлап, зейінді сақтауға көмектесетін 10 қосымшаны ұсынамыз.

Forest

Бұл қосымшада сіз «виртуалды ағаш отырғызасыз». Егер телефонға алаңдамай, жұмысыңызды жалғастырсаңыз, ағаш өседі. Ал әлеуметтік желіге кіріп кетсеңіз – ағаш «қурайды». Қарапайым механизм адамның назарын сақтауға және телефонды жиі тексеру әдетінен арылуға көмектеседі.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Todoist

Нақты жоспар – кейінге қалдырудың ең тиімді қарсыласы. Бұл қосымша тапсырмалар тізімін құруға, оларды маңыздылығына қарай бөлуге, дедлайн мен еске салғыштар қоюға мүмкіндік береді. Интерфейсі қарапайым әрі түсінікті.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Notion

Бұл – әмбебап платформа. Мұнда жазбалар, тапсырмалар тізімі, жобалар мен деректер базасын бір жерге жинауға болады. Жеке жұмыс жүйеңізді құрып, барлық ақпаратты ретке келтіруге ыңғайлы.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

TickTick

Үлкен тапсырмаларды бастау қиын болса, оны ұсақ қадамдарға бөліп көріңіз. TickTick дәл осыған көмектеседі. Сонымен қатар қосымшада Pomodoro таймері бар – қысқа уақыт аралығында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

RescueTime

Бұл сервис күн ішінде қандай қосымшалар мен сайттарға қанша уақыт жұмсайтыныңызды талдайды. Осы арқылы сізді не көп алаңдататынын нақты көре аласыз.

iOS қолданушылары үшін  
Android қолданушылары үшін

Habitica

Күнделікті тапсырмаларды ойын форматына айналдырады. Әр орындалған іс үшін ұпай, тәжірибе және марапат аласыз. Бұл тәсіл тәртіп қалыптастыруды қызықты ете түседі.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Focus To-Do

Pomodoro әдісіне негізделген қосымша. Жұмыс 25 минуттық кезеңдерге бөлінеді, арасына қысқа үзілістер беріледі. Қосымша сіздің қанша уақыт тиімді жұмыс істегеніңізді де көрсетеді.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Stay Focused

Телефонды жиі тексеру әдеті мазаласа, бұл қосымша көмектеседі. Әлеуметтік желілерге уақыт шектеуін қойып, қажет болса, оларды белгілі бір уақытқа толық бұғаттауға болады.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Brain Focus

Тағы бір Pomodoro принципіне негізделген құрал. Жұмыс пен демалыс уақытын өзіңізге ыңғайлы етіп баптап, үзілістер туралы еске салғыштар ала аласыз.

iOS қолданушылары үшін
Android қолданушылары үшін

Opal

Бұл қосымша белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік желілер мен басқа да алаңдататын сервистерді бұғаттайды. Жұмыс режимін орнатып, толық концентрацияға кіруге мүмкіндік береді.

iOS қолданушылары үшін