Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сай келмейді

13 Қазан 2022, 11:59 2326

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында шешім қабылданды

ОСК Фатима Бизақованы Президенттікке үміткер ретінде қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz.

Фатима Бизақова «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен ҚР Президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. 11 қазан күні Орталық сайлау комиссиясына өз құжаттарын өткізді.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Фатима Бизақова ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.
Миражан Махан
Бөлісу: