Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында күзде кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұған қатысты Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Өз басым, мемлекеттің азаматы ретінде Президенттің сайлауға қатысты айтқан ұсынысын қолдаймын. Конституцияға өзгеріс енгізіп, Президент мандатының мерзімін 7 жылға ауыстыру дұрыс шешім болды деп есептеймін. Қазіргі Мемлекет басшысы ғана емес, келешекте орнына отыратын Президент те 7 жыл ішінде бір рет сайланғаны дұрыс. Себебі әрбір мемлекеттің басшысы 7 жыл аралығында өзінің алдына қойған мақсатын орындап, идеяларын енгізе алады», – деді Ғұмар Дүйсембаев.
Айтуынша, заңға жаңадан енгізіліп жатқан өзгерістер демократиялыққа әкеледі.
«Әділетті Қазақстанның аясында соңғы заңның өзгерістері демократиялыққа әкелу үшін жасалып жатыр деп ойлаймын. Диктатурадан кету мәселесі шешіліп жатқан кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы шығып, барлығын ашық түрде жеткізгенімен келісемін. Мемлекет басшысы көптеген өзгерістер ел үшін жасалып жатыр деп айқан болатын. Халқымыз мұның барлығын дұрыс бағалап, қолдап келе жатыр. Мұны өткен референдумда берген 70% дауысынан да байқауға болады», – деді ол.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады