Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОсыдан бір жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтаған еді. Сонда жаңажылдық сыйлық орнына ауруынан айығуды, сау бүйрек табылуын сұраған 13 жастағы Әнел Дінекешева ерекше есте қалды. Жақында Әнелдің қан тобына сәйкес келетін донор табылып, сәтті ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі KAZINFORM тілшісіне сілтеме жасап.
2022 жылы 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығының балаларымен жүздесті. Әнел де балалардың арасында Президентпен сөйлесіп, өз тілегін айтқан.
Сонда Президент: «Жаңа жылға қандай сыйлық қалайсың?» - деп сұрады. Әнел ауруынан айығуды, сау бүйрек табылуын сұрапты. Президент армандарының орындалуын, сәттілік тіледі. Тура бір жылдан кейін 2023 жылы 30 желтоқсанда қызымның қан тобына сәйкес келетін донор табылды. Бірден сәтті ота жасалып, өзі қалағандай нағыз жаңажылдық сый болды. Әрине, Президентпен кездесу басқа науқастардың алдында менің қызыма еш артықшылық берген жоқ, өзімізге сай келетін бүйректі сабырмен күттік, біз мұны тек жақсы ырым, жақсы тілектің орындалуы деп бағаладық, - дейді Әнелдің анасы Динара Дінекешева.
Әнелге 1980 жылғы әйелдің бүйрегі салынған. Ол инсульттан кейін оянбады және оның жақын туыстары жарамды ағзаларын басқа науқастарға беруге келісім берді.
Боранды күні ұшақ ұшпай, хирург-трансплантологтер пойызбен жолға шығып кетеді. 14 сағаттан кейін ағзалар Астанаға жеткізіліп, бір бүйрек Әнелге орналастырылды. Осылайша павлодарлық әйелдің екі бүйрегі, өкпесі, бауыры мен жүрегі басқа науқастарға беріліп, бірден бес адамның өмірі ұзарды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді