13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне шекара маңы сауда-экономикалық хаб желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz
«Экономикалық әлеует пен тиімді географиялық орналасу басымдығын толыққанды пайдалану үшін құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында тығыз өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды. Орталық Азия елдерінің Бірыңғай тауар жөнелту жүйесінің тірек нүктесі қызметін атқаратын, келешекте одан ары кеңейтілу мүмкіндігі бар шекара маңы сауда-экономикалық хабының желісін іске қосу үшін пәрменді іс-шаралар қабылдау тиімді болар еді», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстан қырғыз және өзбек әріптестерімен бұл бағытта нақты қадам жасап жатқанына назар аударды.
«Атап айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасы, қазақ-қырғыз шекарасында Индустриалды сауда-логистикалық кешені іске асырылып жатыр. Тәжікстанмен көтерме-тарату орталықтарын құру туралы уағдаластық бар. Ал Түрікменстанмен бірге астық терминалын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар біздің өзара тауар айналымы көлемін арттыру, сонымен қатар ЕАЭО мен өзге елдердің нарықтарына өнімдерді экспортқа шығару ортақ мүддемізге жауап береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды