Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСоғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен наградталады. Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қағидаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградталсын.
4. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер