22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші нашақорлық пен лудоманияға қарсы күресу және осы індеттің алдын алу елімізде заң мен тәртіп қағидаттарын түбегейлі орнықтыруға қатысты жұмыстың маңызды бағыты екеніне тоқталды. Кеңес мүшелері осы маңызды іске белсенді азаматтардың барынша атсалысуы кез келген құқық бұзушылыққа еш төзбейтін қоғам қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ кеңес отырысында жыл сайын әзірленетін «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының жобасы талқыланды. Баяндамада әдеттегідей демография, денсаулық, білім және ғылым, азаматтардың экономикалық іс-әрекеттері және азаматтық-саяси үдерістерге қатысуы сияқты маңызды әлеуметтік өлшемдер көрсетілген.
Кездесу соңында Ерлан Қарин бүгінде жүзеге асырылып жатқан реформалар, ең алдымен, жастарға арналатынын және жастарымыз елдегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші саналатынын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Кеңес мүшелерін Қазақстан жастарына қатысты қордаланған мәселелерді тиімді шешу үшін әрдайым белсенді болуға шақырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев