Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Заң халықаралық іскерлік операцияларда және осыған қатысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеу ісін жетілдіруге бағытталған.
Заңда нарық бағасын айқындау тетіктері қайта қаралып, тауар биржаларындағы трансферттік баға белгілеу мәселесіне бақылау енгізілді. Сондай-ақ мәмілеге қатысушы тараптарды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді және өзара байланысты резидент емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылар үшін жергілікті есептілікті ұсыну міндеттемесі енгізілді.
Аталған түзетулер мен толықтырулар нарықтағы әділ бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының жоғалып кетуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Сонымен қатар заң трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын азайтуды көздейді.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?