19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, «Татнефть» Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында ынтымақтастық орнатқан. Бұдан бөлек, «Татнефть» қатты пайдалы қазбалар кенін бірлесе игеру ісіне атсалысып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Татнефть» компаниясының Қазақстанда мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібін дамыту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, аталған кәсіпорын еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары