7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Президент тапсырмасымен ашылған Екібастұздағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы 9 мың жас талантты қабылдауға лайықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.
«Самғау» орталығында түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының 70%-на дейін қосымша біліммен қамтып, олардың қабілеттерін ашып, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Рышат Әмреновтің айтуынша, балаларға арналған орталық ашу туралы бастаманы президенттің өзі қолдады.
Екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде, балаларға арналған орталық ашылса деп ұсыныс жасадық. Екі жылдың ішінде атына заты сай орталық пайдалануға берілді. Мұнда немерелерім қатысады, оларға өте ұнайды. Оларға осындай жағдай жасалғанына өте қуаныштымыз, - деді ол.
Бірінші қабатта би және театр залдары, сондай-ақ жеке музыка дәрістеріне арналған бөлмелер мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокалмен және аспапта орындау шеберлігімен айналыса алады.
Екінші қабатта биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат және медиа орталықтар, сондай-ақ fashion-студия бар. Үшінші қабат толығымен IT-технологияларға арналған: мұнда робототехника мен компьютерлік модельдеу клубтары орналасқан.
Сонымен қатар Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары және жаттығу залы бар.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?