28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБлогер, әлеуметтік желі белсендісі Алмас Алтай отандық соттар туралы пікір айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы "әуежай ісі" бойынша шыққан сот үкіміне халық наразы болды. Әлеуметтік желі шулады, билікті қарғау белең алды, президенттен араша сұралып жатыр... Президенттен "соттың үкіміне әсер ет, шешімді жұмсарт" деу қызық сияқты. Сот билігінің тәуелсіз, ашық, әділ, тек заң шеңберінде шешім шығарғанын қалаймыз. Жан-тәнімізбен беріліп тұрып соны талап етеміз. Бірақ кейде өзімізге ұнамайтын шешім шықса, оны президентке айтып өзгертіп ала салғымыз кеп тұрады. Яғни, президент сотқа әсер етіп, "заңды сәл бұрмалап, халыққа ұнайтын шешім шығарып берсейші" деп жіберуі керек пе? Соттың пікіріне Биліктің әсер еткенін жек көреміз. Ал, халықтың сот билігіне араласуы, үкімді өзгертуге тырысуы әділет сияқты көрінеді, - деп жазды блогер.
Оның айтуынша, сот ешкімді де тыңдамауы керек, оның сүйенері - Заң ғана болуы керек.
Заң толық үстемдік құрған мемлекетте өмір сүргіміз келсе, соттың келесі деңгейлерінде мына үкімнің жеңілдетілуіне жұмыстануымыз керек қой. Жоғары сот деген бар, Конституциялық сот деген бар, соларға ресми түрде арыз, шағым, келіспеушілік, наразылық акцияларымызды өркенитетті түрде білдіруіміз керек, - дейді Алмас Алтай.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?