Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысы шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі, БАӘ-нің ірі кәсіпкерлерінің бірі, «First Abu Dhabi Bank» акционері Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның аймақтағы басты экономикалық және сауда серіктесі екенін, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен бүгінгі келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа келгенін, сондай-ақ маңызды келісімдерге қол қойғанын жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ үкіметтері қабылдаған Стратегиялық инвестициялық жобалар жасау туралы бірлескен декларация екіжақты серіктестікті нығайтуға тың серпін береді.
Президент инвестициялық іс-әрекеттің басымдығына назар аударып, қабылданған Декларация аясында шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның компаниялар тобын бірқатар жобаны жүзеге асыруға шақырды. Өз кезегінде Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі Қазақстандағы жобаларға инвестиция құю жөніндегі жоспарын айтты.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер