29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПрезидент мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
– Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары үкімет басшысы болған Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек