28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдап, Қордың биылғы жылдағы қызметі мен атқарған жобаларының қорытындысын тыңдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, Қордың инвестициялық портфелінде жалпы құны 53 триллион теңгеден асатын 130-ға жуық жоба бар. Биыл CASPI BITUM зауытының қуаты артты, 50 МВт-тық күн электр стансасы іске қосылды және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салынды. Жыл соңына дейін тағы 9 ірі жобаны, жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Жетісу облысындағы 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізетін Талдықорған - Үшарал магистральді газ құбыры, Ақтаудағы контейнер хабы, Алматыдағы Zhetysu логистикалық терминалы және Sany Re компаниясымен бірлесіп жел генераторларына арналған қондырғылар шығаратын зауыт іске қосылғаны хабарланды.
«Самұрық-Энерго» АҚ биыл он айда 31 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндірді, бұл еліміздің жалпы өндірісінің 31%-ын құрайды. Құрамындағы электр стансаларының қуаты 7845 МВт-қа жеткен.
2023-2025 жылдары әлеуметтік жобаларды және қайырымдылық шараларын қолдауға 1,5 триллион теңге бөлінген. Бұл қаржы медициналық нысандарға, 55 оңалту орталығының, 31 инклюзия кабинетінің, 18 спорт кешенінің, сондай-ақ мәдени және білім беру мекемелерінің құрылысына жұмсалды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 5,8 миллион түп тал егілген.
Сонымен қатар, Қор отандық бизнесті дамытуға бағытталған бірнеше бастамаларын таныстырды.
Мемлекет басшысы Қор жұмысының тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру және ұлттық активтердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?